Павлодар және Ақсуда түстен кейін оқитын 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқуға ауыстырылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстың бірнеше қаласы мен аудандары түстен кейін оқитын бастауыш сыныптарды онлайн форматқа көшірді.

Көкшетауда бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары мектепке бармайды
Фото: Мақсат Шағырбаев/Kazinform

Бұл туралы Павлодар облыстық білім беру басқармасынан хабарлады.

— 2005 жылғы 9 желтоқсанда Павлодар қаласының барлық мектептерінде қолайсыз ауа райына байланысты мектепалды даярлық топтары мен 1-4 сыныптардың екінші ауысым оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады. Ауа температурасы минус 15, солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 8-14 метр, — деп мәлімдеді басқармадан.

Сондай-ақ мұндай шешімді Ақсу қаласының білім беру бөлімі де қабылдады. Мұнда барлық мектептердегі оқушыларды тасымалдау тоқтатылды.

Облыстық білім беру басқармасының ақпаратынша, Ақтоғай, Железин, Тереңкөл, Павлодар, Успен, Шарбақты аудандарының бастауыш сыныптары да үйден оқиды.

Еске сала кетейік, Қостанай облысында аязға байланысты 1-сынып оқушылары қашықтан оқиды

Соңғы жаңалықтар