Павлодарда әбден ескірген жылу-энергия орталығы жаңғыртудан өтеді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Ертіс-Баян өңірінде алдағы жылдары электр стансаларының қуатын арттыру, жаңадан МАЭС салу жоспарланып отыр. Энергетикалық нысандардың жиынтық қуаты 14 мың МВт-қа жетуі ықтимал.

Павлодарда әбден ескірген жылу-энергия орталығы жаңғыртудан өтеді
Фото: «Болат Нұржанов атындағы Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС

Облыста Екібастұз МАЭС-2 стансасында қосымша энергоблоктарды іске қосу, әрбірінің қуаты 660 МВт болатын төрт энергоблогы бар Екібастұз МАЭС-3 стансасының құрылысын бастау жоспарланып отыр. 

— Бұдан бөлек, Ақсу МАЭС стансасы мен Павлодардағы ЖЭО-2 орталығын жаңғырту, сондай-ақ баламалы энергетика жобаларын, оның ішінде қуаты 500 және 1000 МВт болатын жел электр станцияларын салу көзделген. Нәтижесінде өңірде жалпы орнатылған қуат көлемі 14 мың МВт-қа дейін артып, елдің энергетикалық балансындағы үлесі 50% асатын болады, — деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Павлодар халқы бәрінен бұрын жергілікті ЖЭО-2 стансасының жаңартылатынына қуанулы. Аталған орталық өте көне, 1961 жылы пайдалануға берілген. Әрі ол шаһарда пайда болған алғашқы жылу стансасы.

Бұған дейін Атырауда электр қуаты тапшылығы туындап, көше жарығы 3 сағатқа кеш қосылып жатқаны туралы жазғанбыз

Соңғы жаңалықтар