Павлодарда ата-ана қамқорлығынсыз қалған алты адамға пәтер кілттері табысталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бүгін қала күнін атап өту шеңберінде ата-ана қамқорлығынсыз қалған алты павлодарлық баспаналы болды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
None
None

 Амангелді көшесі 11/2 мекенжайында орналасқан көпқабатты үйдегі бір бөлмелі алты пәтер өз иелерін тапты. Қалалық әкімдіктің ғимаратында өткен кездесуде сөз алған қала әкімі Нұржан Әшімбетов баспаналы болған жастарды құттықтады. - 15 шілде күні ата-анасыз қалған тағы бір 11 павлодарлық Чокин көшесі 157/2 мекенжайындағы көпқабатты үйден пәтер кілттерін алады. «KSP Steel» ЖШС тарапынан баспаналы болған жандарға жаңа кір жуғыш машинасы сыйға тартылады, - деді Нұржан Әшімбетов.

Айта кетейік, жалпы, пәтер алу үшін кезекте 1902 адам бар.

Соңғы жаңалықтар