Павлодарда Қорғаныс істері департаментінің бұрынғы бастығына қатысты тексеру басталды
ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Қорғаныс істері департаментінің бұрынғы бастығы Бекзат Оразов лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке іліккен.
Ақпаратты ҚР Қорғаныс министрлігі растады. Тергеумен өңірдің Ұлттық қауіпсіздік қызметі комитеті департаментінің қызметкерлері айналысып жатыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқаны хабарланды.
- ҚР Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша қызметтік тергеу жүргізілді. Оның нәтижесі бойынша подполковник Б.Оразов атқарған қызметінен босатылды. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарына сәйкес және тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жариялауға жатпайды, - деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінен.
Еске сала кетейік, ҰҚК мен ІІМ бірлескен операциясы нәтижесінде қылмыстық топтың 20 мүшесі қолға түсті.