Павлодарда он адам өрттен құтқарылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда бес қабатты үйлердің бірінен өрт шығып, он адам сыртқа шығарылды. Бұл туралы облыстық ТЖД-нің мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Марал Сағынаева мәлім етті, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

« 1 Мамыр көшесі бойындағы №10 үйдің бірінші қабатында қоқыс тұтанып, қызыл жалын екі шаршы метр аумақты шарпыды. Нәтижесінде 10 адам сыртқа шығарылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрт тұрғындардың отты қолданудағы абайсыздығынан туындаған, - деді Марал Сағынаева. 

Соңғы жаңалықтар