Павлодарда прокуратура қызметкеріне қатысты алаяқтық фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр

ПАВЛОДАР. KAZINFORM – Павлодар тұрғынының арызы негізінде өңірлік ҰҚК департаменті мен прокуратураның ішкі қауіпсіздік бөлімі бірлесіп, прокуратура қызметкеріне қатысты алаяқтық дерегі бойынша жедел-тергеу іс-шараларын жүргізді.

Бас прокуратура
Фото: Бас прокуратура

Бас прокуратураның мәліметінше, тексеру іс-шаралары прокуратура органдарының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі және ҰҚК департаментімен бірге жүзеге асқан. Оған қадағалаушы орган қызметкерінің алаяқтыққа қатысы болуы мүмкін деген шағым негіз болған.

— Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды, — деп жазды Бас прокуратурадан.

Еске салайық, бұған дейін Алматы әуежайында Ақтау қаласының прокуроры Ерболат Әбділов ұсталған болатын.

Кейін сот оның ісін тоқтатты.

Соңғы жаңалықтар