Павлодарда суға түсу маусымына дайындық басталды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Жазғы уақытта облыстағы жағажайларда 90 құтқарушы тұрғындардың судағы қауіпсіздігін бақылайды. Су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында дрондар да қолданылады.

Шомылу маусымы
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Қазір су айдындарының жағалаулары қоқыстан тазартылып, шомылатын орындар ретке келтіріліп жатыр. Маусым айынан бастап жедел құтқару жасағының жеке құрамы үш айлық күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді. Мамандардың айтуынша, штаттық кестеге сәйкес 90 қызметкер тұрғындардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Шомылу маусымы
Фото: Павлодар облысы ТЖД

— Жергілікті ақтарушы органдардан келіп түскен өтінімге сәйкес, Ертіс өзенінің жағажайлары тексеріліп, тазаланып жатыр. 28 мамырдын бастап коммуналдық жағажайларда жұмыс істейтін қоғамдық құтқарушыларды оқыту басталды. Олар арнайы сертификат иеленіп, коммуналдық жағажайларда қызмет атқарады, — дейді өңірлік төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағы басшысының орынбасары Серік Шериязданов.

Шомылу маусымы
Фото: Павлодар облысы ТЖД
Шомылу маусымы
Фото: Павлодар облысы ТЖД
Шомылу маусымы
Фото: Павлодар облысы ТЖД

Еске сала кетейік, Ақтөбеде жағажайлардың көбі шомылу маусымына дайын емес.