Павлодарда үй өртеніп, 4 баланы күйік шалды

АСТАНА. 2 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар қаласында Дерова көшесіндегі жекеменшік үйден өрт шықты, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Павлодарда үй өртеніп, 4 баланы күйік шалды

Тілсіз жау бір сағаттан кейін тоқтатылды. Өртті ауыздықтауға ҚР ТЖМ Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің 4 техникасы мен жеке құрамының 17 адамы жұмылдырылды. 130 шаршы метр жер жалынға оранды.

Салдарынан 1974 жылы туған ер адам мен оның 2000, 2007, 2011 және 2013 жылы туған балаларын түрлі дәрежеде күйік шалып, олар ауруханаға жатқызылды.