Павлодарда жалған алкогольдік ішімдік дайындаушылар 12 жылға сотталмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында заңсыз алкоголь өнімдерінің айналымымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі облыс прокуратурысының бапасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Ұйымдасқан қылмыстық топ құрамына 5 адам кіреді, олардың төртеуі - әйелдер. Төртеуіне қатысты «қамауға алу» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Олар Кенжекөл және Павлодарда жалған алкоголь өнімдерін әзірлейтін жасырын цехтар ұйымдастырған. Қажетті шикізат өнімдері (спирт, бөтелке, жапсырма және тағы басқалары) көбінесе ШҚО-дан алынған. Цехта оларды бөтелкелерге құйып, есептік-бақылау маркаларын жабыстырып, дайын өнімдерді  Павлодар облысына (Бейбітшілік көшесі, 50) және облыс аумағына таратқан.

Өндіріс көлемі күніне шамамен 2 000 бөтелке алкоголь өнімдерін құрайды, олардың басым бөлігі «Новая» маркасының арақтары. Күдіктілердің әрекеттері ҚР ҚК-інің  262-бап 1,2 тармағы (қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау), 233-бап 2-тармақ (жалған есептік-бақылау маркаларын пайдалану) 214-бөлім 2-тармақ (заңсыз кәсіпкерлік), 218-бөлім 3-тармақ (қылмыстық жолмен алынған мүлкін заңдастыру) бойынша анықталды.

Аталған баптар бойынша мүлігін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалатындығы қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар