Павлодарда жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылды

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ол жылына 50 әйелге дейін қабылдай алады және әуелгі кезекте шалғай ауылдардан келіп босанатын әйелдерге бағытталған.

Павлодарда жүкті әйелдерге арналған пансионат ашылды
Фото: Облыстық перинаталдық орталық

Павлодар облыстық перинаталдық орталығында жүкті әйелдерге арналған «Салауатты ана» пансионаты ашылды. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасынан хабарлағандай, бұл жаңалық әсіресе шалғай ауылдарда тұратын әйелдер үшін маңызды. Ол акушерлік патологиясы бар, проблемалық жүктілікті бастан кешіріп жатқан болашақ аналардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Пансионатта тәулік бойы медициналық бақылау жүргізіледі.

- Өткен жыл парниаталдық орталық үшін жаңару кезеңі болды: симуляциялық орталық ашылып, осы реновация аясында пансионат іске қосылды. Қажет болған жағдайда оны кеңейту де жоспарланған. Сонымен қатар, перинаталдық орталықта әйелдер консультациясы ашылып, репродуктолог, уролог, эндокринолог және өзге де мамандар қабылдай бастады. Бұл болашақ аналарға көрсетілетін көмектің сапасын арттырады, - деп хабарлады басқармадан.

Еске сала кетейік, елімізде ұлттық жоба шеңберінде 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды

Соңғы жаңалықтар