Павлодардағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайында «Біздің Елбасы - Наш Лидер» экспозициясы ашылады

Экспозицияға қойылған ондаған экспонаттар жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін құрушы - елдің Тұңғыш Президентінің қызметімен таныстырады. Фотосуреттер Мемлекет басшысының Павлодар облысына әр жылдары жасаған сапарлары туралы баяндайды. Бұл еңбек ұжымдарымен және жастармен кездесулер, заманауи әлеуметтік нысандарға болуы және аймақта тәуелсіздік жылдарында салынған жаңа өнеркәсіп нысандарының ашылуы.
Көрмеге бірінші болып соғыс және еңбек ардагерлері, бастауыш партиялық ұйымдарының төрағалары мен «Жас Отан» ЖҚ-ның мүшелері келеді. Олармен «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Александр Маржықбаев пен партияның қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Арман Ешмұратов кездеседі.
Павлодарлық студенттерді - президенттік шәкіртақы иелерін салтанатты құрметтеу рәсімі өтеді.