Павлодардағы мүгедек балалар орталығы көмекке зәру
ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар қаласындағы «Самал» мүгедек балаларды сауықтырумен айналысатын қоғамдық ұйым бірқатар қиындықтарға тап болып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Самал» сауықтыру орталығы 20 жылдан бері церебралды сал сырқатына шалдыққан балаларды сауықтыруға, оларды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесіп келеді», - деді аталған орталық директоры Зинаида Багненко.
Оның айтуынша, бүгінде медициналық блокқа заманауи жабдықтар сатып алу қажет. Бұдан басқа, қоғамдық ұйымның ғимаратын сенімгерлік басқаруға беру мәселесін де шешу қажет. Ғимарат іші мен оның шатыры жөндеуді қажет етеді. Оған орталықтың қаражаты жоқ.
Ұйым өз қызметінің саласын кеңейтіп, егде және мүгедек адамдарға арналған «Алтын уақыт» мекемесін, қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған «Жылы үй» орталығын ашты. Осыған орай қамқорлыққа зәру жандарға қажетті тауарлар, азық-түлік, т.б. сатып алу үшін жеңіл көліктің де қажеттілігі туған.
Орталық басшысының сөзіне қарағанда, орталықтыңтың тағы бір проблемасы мемлекеттік тапсырысқа бюджеттен бөлінетін қаражаттың мәз еместігі.
«Әлеуметтік салада жұмыс істейтін кез келген үкіметтік емес ұйым өзінің жетістіктермен мақтана алмасы шындық» - деді З. Багненко.