Павлодарлық фермерлер картоптың бағасын 120 теңгеден асырмауға уәде берді

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Ертіс-Баян өңіріндегі көкөніс өсірушілер биыл қыс пен көктемде картоптың килограмын 120, сәбіздің килограмын 100 теңгеден асырмауды міндеттенді. Алдағы кезеңге арзан бағалы 10 мың тонна картоп, 3 мың тонна сәбіз қоймаларды сақталып тұр.

көкөніс
Фото: БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы

Алдағы қыс пен көктем мезгілінде белгіленген бағаны қамтамасыз ету, картоп пен сәбіздің қажетті көлемін сақтау жөніндегі меморандумға облыстың 22 ауыл шаруашылығы өндірушісі қол қойды.

Көкөніс өсірушілер әлеуметтік дүкендерде, фермерлер базарларында және өңірдің апта сайынғы ауылшаруашылық жәрмеңкелерінде картопты 110-120 теңгеден аспайтын бағамен, ал сәбіздің 1 килограмын 90-100 теңгеден аспайтын бағамен сатуға міндеттеме алды.

Өңір басшысы Асайын Байханов аграршыларға облыс халқының көкөністерге деген қажеттілігін барынша қамтамасыз етіп, картоп пен сәбіз бағасының өсуіне жол бермегендері үшін алғысын білдірді.

- Еңбектеріңіз бен әлеуметтік жауапкершіліктеріңіз үшін рахмет. Сіздер аймағымыздың азық-түлік белдеуін жасап отырсыздар. Жыл сайын бағаның негізсіз өсуін болдырмау мақсатында біз фермерлермен маусымаралық кезеңде сату үшін көкөністердің қажетті көлемін сақтау жөнінде меморандум жасаймыз, - деді облыс әкімі.

Маусымаралық кезеңде облыс нарығын қолжетімді көкөністермен қамтамасыз ету үшін 10 мың тонна тонна картоп пен 3 мың тонна сәбіз сақталатын болады. Қоймалардан айына арзан бағалы 1290 тонна картоп пен 433 тонна сәбіз шығарылады жеп жоспарланған.

Еске сала кетейік, биыл Павлодар облысында рекордтық астық жиналды.

Павлодар облысы кейбір азық-түліктің арзандығы бойынша еліміздегі бестікке кіреді 

Соңғы жаңалықтар