Павлодарлық мектеп-интернаттың балалары Наурызды этномәдени орталықтардан келген қонақтармен бірге атап өтті
ПАВЛОДАР. 22 наурыз. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Көктем мерекесі Наурызды павлодарлық №2 мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени орталықтарынан келген қонақтармен бірге атап өтті.
Балалар Наурыз мерекесіне арнап, қазақтың ұлы ақындарымен аталған бес мерекелік киіз үй орнатты. Дастарханға арнап олар өз қолдарымен ұлттық тағамдар - тәтті бауырсақ, наурыз көже мен тәтті тағамдар дайындапты. Интернат тәрбиеленушілері қонақтарға арнап, ән шырқап, би биледі.