Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Пеле: Олимпиадада Бразилия өзінің ерекше өмір салтын бүкіл әлемге көрсетті

РИО-ДЕ-ЖАНЕЙРО. ҚазАқпарат - Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында Бразилия бүкіл әлемге өзінің ерекше өмір салтын көрсетті. Аты аңызға айналған бразилиялық футболшы Пеле өзінің Twitter парақшасына осындай пікір жазды.

Пеле: Олимпиадада Бразилия өзінің ерекше өмір салтын бүкіл әлемге көрсетті

«Бразилия бүкіл әлемді құшақ жая қарсы алды және жұмыста да, ойында да біздің ерекше өмір салтымызды көрсетті. Олимпиада кезінде атлетизм мен спорттық шеберліктің ұмытылмас сәттері де, түңілулер де, тосын жайттар да болды. Оның үстіне мен өмір бойы Бразилия футбол құрамасының Олимпиадада жеңіске жеткенін көргім келетін, арманым орындалды», - деп жазды Пеле.

Пеле - халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) таңдауы бойынша ХХ ғасырдың ең үздік футболшысы. 1999 жылы Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) оны Олимпиада ойындарына мүлдем қатыспаса да, ғасыр спортшысы деп атады.