Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Перуде 6,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

АСТАНА.KAZINFORM - Перу орталығында 6,5 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Синьхуа.

м
Фото: Анадолы

Жер сілкінісі 20 тамыз күні сағат 18:00-де (Астана уақыты бойынша сағат 23:00) тіркелді. Бұл туралы Германияның геологиялық зерттеу орталығы (GFZ) хабарлады.

Алдын ала мәлімет бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі оңтүстік ендіктің 14,74 градусында және батыс бойлықтың 73,89 градусында жатыр.

Гипоорталығы 10 км тереңдікте орналасқан.

Бұған дейін Қытайдың солтүстігінде жер сілкінді.