13:08, 01 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Пеш ақаулығы салдарынан жас ер адам мерт болып, бес адам иіс тиіп уланды
АСТАНА. 1 желтоқсан. ҚазАқпарат - Алматы қаласындағы Шаңырақ-1 шағыауданында қатты отынмен жанатын пеш ақаулығының салдарынан бес адам иіс тиіп уланды.

ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 41 жастағы әйел мен 2 жастағы екі бала, сондай-ақ 3 және 16 жастағы балалар ауруханаға жеткізілді.
Бұдан басқа, Ақмола облысының Раздольное ауылында қатты отынмен жанатын пеш ақаулығының салдарынан 24 жастағы ер адамға иіс тиіп, мерт болды.