Песков Қазақстан мен Ресей Президенттерінің Кремль пәтеріндегі келіссөздері туралы айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің келіссөздерді Кремль пәтерінде жалғастыру ұсынысын өте сирек жасайтынын айтты, деп хабарлайды Әділ Балтабаевтың Telegram арнасы.

Пресс-секретарь президента РФ
Фото: Михаил Джапаридзе/ ТАСС

-Путин мен Тоқаевтың достық жылы қарым-қатынасы көшбасшыларға маңызды деген мәселелерді ашық та еркін талқылауға мүмкіндік береді,-деп мәлімдеді Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков.

Оның сөзінше, Владимир Путин келіссөздерді Кремль пәтерінде жалғастыру ұсынысын өте сирек жасайды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа дейін ол пәтерде Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпин болған.

Айта кетейік, Президенттің Ресейге мемлекеттік сапары барысында 13 келісімге қол қойылды.

 

Соңғы жаңалықтар