Петропавл қаласында өткен Сабан той мерекесіне Қазан қаласынан өнерпаздар келді (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 18 шілде күні Петропавл қаласының орталық алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы аясында «Сабан той» мерекесі өтті.

Петропавл қаласында өткен Сабан той мерекесіне Қазан қаласынан өнерпаздар келді (ФОТО)

Салтанатты жиынға Солтүстік Қазақстан облысының барлық этно-мәдени орталықтары қатысты.

Сабан той - татар-башқұрт халықтарының ұлттық мерекесі. Петропавлда биыл 27-ші рет өтіп отырған тойға қала тұрғындарын құттықтауға СҚО аудандары мен Қазан қаласынан шығармашылық ұжымдары келіп, өнер көрсетті.