Петропавл қаласының ІІД-де ҚР Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын болып өтті
ПЕТРОПАВЛ. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының ІІД-де ҚР Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған салтанатты жиын болып өтті, деп хабарлайды СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.
ІІ жеке құрамын қалалық ІІБ бастығы, полиция полковнигі Әмір Қасейінов құттықтады. «Бүгінде бізде бар техникалық база мемлекеттегі тұрақтылықтың, үкіметтің, облыс, қала әкімдігінің қолдауының арқасында құрылды. Соңғы бір жарым жылда үш жаңа тірек пункті ашылды, олардың барлығы заманауи болып табылады», - деп атап өтті облыс орталығының бас полицейі.
Сондай-ақ қалалық ІІБ-ның Ардагерлер кеңесінің төрағасы Валерий Вернигоров өз әріптестеріне ізгі тілектерін білдірді.
Жұмыстағы жақсы көрсеткіштері үшін қалалық ІІБ-ның бес қызметкері бағалы сыйлық - қолсағаттармен марапатталды. Олардың арасында учаскелік инспектор Азамат Тағышев, кәмелеттік жасқа толмағандар істері бойынша инспектор - Самат Қоспаев, патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Абзал Әлімжанов, Азамат Төлебаев, Мейрам Молдыбаев болды.
Биылғы жылдың жұмыс қорытындылары бойынша Юбилейная көшесінде орналасқан жаңа шағынаудандағы № 13 аймақтық пункт үздік деп танылды. Жаңа тірек пункті бір жыл бұрын ғана ашылғанымен, петропавлдықтардың мақтауларына ие болып үлгерді.