Петропавл спорт мектеп-интернатындағы буллинг: тексеріс басталды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысындағы олимпиадалық резерв мектебінде болған жағдайға байланысты Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бірқатар шара қабылдады.

Буллинг и кибербуллинг в ЦА
Фото: Мухтор Холдорбеков / Kazinform

Комитет төрағасының тапсырмасымен кәмелетке толмаған жасөспірімге және оның отбасына көмек көрсету, жағдайды жан-жақты зерделеу мақсатында Психологиялық қолдау орталығының мамандары өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкілмен бірлесіп оқиға орнына жіберілді.

- Сонымен қатар, құзыреті аясында шара қабылдау үшін Туризм және спорт министрлігіне, бақылауды қамтамасыз ету үшін облыс әкімдігіне және кейінгі мониторинг жүргізу үшін өңірлік уәкілге тиісті хаттар жолданды, - делінген ақпаратта.

Ведомство балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы болып қала беретінін атап өтті.

Бұған дейін өңірлік уәкілдермен бірлесіп жүргізілген мониторинг барысында мамандандырылған спорт мектептерінде қауіпсіздікті сақтау бойынша заңбұзушылықтар анықталған. Тиісті материалдар спорт саласына жауапты мемлекеттік органдарға жолданған.

Мәселені жүйелі түрде шешу үшін жаңа оқу жылынан бастап «ДосболLIKE» атты антибуллингтік бағдарлама іске қосылды. Оның мақсаты – балалар арасындағы буллингтің алдын алу, деңгейін төмендету және спорт мектептерін қоса алғанда, білім беру ұйымдарында қауіпсіз әрі сыйластыққа негізделген орта қалыптастыру.

Соңғы жаңалықтар