Петропавлда белгісіз жағдайда ер адам суға батып кетті
АСТАНА. 7 маусым. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында белгісіз жағдайда 40-45 жас аралығындағы ер адам суға батып кетті.
Әзірге оның тұлғасы анықталмаған. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.
Ер адамның мәйіті ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облыстық суда құтқару қызметінің күшімен сағат 18.10-да судан шығарылды.