Петропавлда энергия сақтау мәселелері бойынша баспасөз мәслихаты өтті
ПЕТРОПАВЛ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Кеше Петропавлдың Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театрында «Энергия сақтау.Құрылыс индустриясы. Энергетика. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 2009» атты конференция өтіп, оған Алматы, Петропавл, Новосібір, Челябі, Омбы, Пермь және Қорған секілді ресейлік қалалардың осы саладағы ірі кәсіпорындарының
өкілдері қатысты. Театрдың фойесінде энергия және ресурс сақтау мәселелеріне арналған көрме ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«СолтҚазЭнергоПетропавл» ЖШС бас директоры Игорь Татаров энергия сақтаудың нәтижесіне бірлескен іс-қимыл арқылы ғана жете аламыз, деп атап өтті. Компанияның кәсіпорындарында жыл сайын күрделі жөндеу жұмыстары, жаңғырту және жаңарту шаралары мақсатты түрде жүргізілетіні туралы айтылды. Жалпы, конференцияға қатысушылар осы тақырыпқа байланысты пікірлер алмасып, өз ұсыныстарын ортаға салды және көрме экспонаттарымен танысты.