Петропавлда Ғабит Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығы негізінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге арналған семинар өтті
ПЕТРОПАВЛ. 20 наурыз. ҚазАқпарат - Петропавл қаласының Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектебінде көрнекті қазақ жазушысы, драматург, танымал қоғам қайраткерінің 110 жылдығына орай, қаланың білім ошақтарының жетекшілеріне арналған семинар өтті.
Қалалық білім бөлімінің бастығы Ақжүніс Мұсырман «Ғабит Мүсіреповтың рухани мұрасындағы адамгершілік құндылықтар мен азаматтық ұстанымның құрылуы» тақырыбында баяндама оқыды.
Семинар қатысушылары ашық сабақтарда болып, сыныптан тыс шараларға қатысты.
Осылайша, орыс тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен: «Ана - нағыз ар-намыстың, адамгершіліктің, асылдық пен ұлылықтың нышаны» тақырыбымен, тарих пәнінен: «Жер бетінде өзін туып-өскен өлкеден жақсы жер жоқ» тақырыбымен сабақ өтті.
Сыныптан тыс шаралар арасында «Жиырма жыл өткен соң» атты «дөңгелек үстел», «Қайғы қайталанбас үшін» әдеби-музыкалық композициясы, «Ғ.Мүсірепов - ұлы даланың кемеңгері» зияткерлік ойыны болып өтті.
Семинар қатысушылары үшін мектеп оқушылары «Естелік беттерін ақтара...» атты концертін көрсетті.