14:19, 28 Наурыз 2015 | GMT +5
Петропавлда Қазақстан халқы Ассамблеясының аллеясы отырғызылды
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда мәдениет және демалыс саябағында СҚО этномәдени бірлестіктерінің өкілдері «Қазақстан халқы Ассамблеясы -20 игі іс» шарасы аясында 20 көшет отырғызды. Шараға шамамен 100 солтүстікқазақстандық қатысты.

««Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 игі іс» шарасы аясында 20 көшет отырғыздық. Бұл - ҚХА аллеясы. Бұл әр орталықтың ағашы болмақ. Бүгінде ҚХА мәдени, этносаралық келісім ықпалдастығының институты», - деді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов.