Петропавлда өрт шыққан үйден 100-ден астам адам эвакуацияланды

АСТАНА. KAZINFORM - Петропавл қаласында Уәлиханов көшесінде орналасқан 9 қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің балконынан өрт шықты, деп хабарлайды ҚР Төтенше эағдалар министрлігінің баспасөз қызметі.

өрт
Фото: ҚР ТЖМ

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ бөлімшелері өртті аз уақыт ішінде толық сөндіріп, оның басқа пәтерлерге таралуына жол бермеді.

-Үйден 117 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ,-делінген хабарамада.

Өрттің шығуының алдын ала себебі — балконда темекі шегу.

өрт
Фото: ҚР ТЖМ

Осыған дейін Қазақстанда өрт қауіпсіздігі ережелері жаңаратыны туралы жаздық.