Петропавлда су тасқынына қарсы жұмыс барысында елуге жуық мылтық ұңғысы табылды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Петропавлдағы Заречный кентінде жұмыс істеп жатқан әскери қызметшілер мылтық ұңғыларын үй іргетасынан тауып алған. 

Петропавлда су тасқынына қарсы жұмыс барысында елуге жуық мылтық ұңғысы табылды
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Заречный кентінде әскери қызметшілер бөгеттерді нығайтып жатыр. Қапшықтарға құм-балшық салу кезінде олар үйдің ескі іргетасынан шығып тұрған мылтық ұңғысын көрген. 

Петропавлда су тасқынына қарсы жұмыс барысында елуге жуық мылтық ұңғысы табылды
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Осы учаскеде кезекшілік атқарған полицейлер іргетасты бұзып, нәтижесінде одан 46 мылтық ұңғысы мен аңшылық қарудың бөлшектерін алып шықты.

Петропавлда су тасқынына қарсы жұмыс барысында елуге жуық мылтық ұңғысы табылды
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Тәртіп сақшылары оларды қаптарға салып, қайықпен судан алып өтіп, Петропавл қаласының полиция басқармасына жеткізді. Бетонды кім және қай жылдары ерекше тәсілмен шегендегені енді тексеру барысында анықталмақ.

Петропавлда су тасқынына қарсы жұмыс барысында елуге жуық мылтық ұңғысы табылды
Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін СҚО-дағы Большая Малышка ауылының тұрғындары су тасқынына байланысты қауіпсіз жерге шығарыла бастағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар