Петропавлдағы 2-ЖЭО кәсіпорнында 200 маманның орны бос тұр

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – ҚР Парламенті Сенатының депутаттар тобы Петропавл ЖЭО-2-де болды. Олар энергетика саласындағы қазіргі мәселелермен және оларды шешу жолдарымен, жылыту маусымының барысымен танысты.

Сенаторлар СҚО облысны барды
Фото: Видеодан алынған скрин

ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов және сенаторлар ең алдымен кәсіпорындағы жаңадан тұрғызылған мұржаның құрылысын көрді. 

«Мұржаның биіктігі 180 метр, диаметрі 20 метрден асады. Ал қабырғасының қалыңдығы 2,8 метр. Жалпы салмағы 15 мың тоннадан асады. Сыртқы жұмыс аяқталды. Келер жылы нысанды іске қосу жұмысы жалғасады», - деді «СЕВКАЗЭНЕРГО» АҚ бас директорының орынбасары Петр Богданов. 

Қазіргі уақытта Петропавл ЖЭО-2 күзгі-қысқы кезеңнен өту үшін жеткілікті отынмен қамтамасыз етілген. Бүгінде станцияда 140,3 мың тонна көмір, 836 тонна мазут бар. Бұл кем дегенде 20 тәулікке жететін қор. 

Кездесу барысында сала мамандарының тапшылығы мәселесіне ерекше назар аударылды. 

«Кәсіпорындағы ең үлкен мәселе – кадр жетіспеушілігі. Соңғы үш жылда еңбекақыны 240 мыңнан 389 мыңға дейін көтерген, алайда әлі де мамандар жетіспейді. Бұл жұмысқа үлкен қолбайлау болып жатқанын айтып жатыр», - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Әлібек Нәутиев. 

Энергетиктер жылыту маусымының өтуі және инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есеп берді. Биыл нысанда жөндеу жүргізуге 18,8 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. 

Бұған дейін СҚО-дан 10 айда 21 мың адамның көшіп кеткенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар