Петропавлдағы көпес Турлаповтың үйінің тарихы
Петропавл қаласының орталық көшесінде, облыс әкімдігіне жақын жерде тарихи-мәдени ескерткіш – көпес Турлаповтың үйі орналасқан. Өткен ғасырдың басында осы үйдің ауласында қой терісі мен аң терісінен киім шығаратын шағын зауыт орналасқан еді, деп хабарлайды Kazinform.
Қолда бар мұрағат құжаттарында Вознесенский даңғылында (қазіргі Қазақстан Конституциясы көшесі) үй салған Дмитрий Яковлевич Турлаповты көпес деп атамайды. Ол кәсіпкер немесе өнеркәсіп иесі делінген.
Петропавл қалалық мәдениет бөлімінің сайтында жеке кәсіпкер Турлаповтың тұрғын үйінің 1900 жылы салынғаны жазылған. Оның ауласында шағын қой терісі мен аң терісінен киім тігетін зауыт түрған.
"Ғимарат бір қабатты, жоспарда төртбұрышты үлгіде салынған, өлшемдері – 19х10 м, кірпіштен, сыртқы қабырғаларының қалыңдығы - 710 мм, кірпіш іргетасқа орнатылған. Ғимараттың қасбеті сәндік кірпіш элементтерімен безендірілген. Терезе ойықтары кірпіштің «садақ» пішінімен аяқталады. Ернеудегі элементтер, сондай-ақ терезелердегі ескі орыс стилінде әрленген. Ескерткіштің стильдік бағыты ХХ ғасырдың басында кең тараған тенденция – эклектизмге тән", - делінген сипаттамада.
Басқа деректерде сүйенсек, ғимарат күйдірілген кірпіштен тұрғызылғаны, бұл ретте бастапқыда оның жалғастыра салынған ағаш жайы болғаны, оны бұзған соң кірпіш қабырғасы қалпына келтірілген. Парапеттің пішіні – модерн элементтері бар барокко стиліне ұқсас.
Кезінде танымал livejournal порталында Ресейдің Красноярск қаласында тұратын әйелдің Петропавлдағы кәсіпкер Турлаповтың үйі – оның арғы атасының үйі екенін жазған хабарламасы табылды.

"Петропавлда аяулы әжеміз Вераның әкесі, менің арғы атам Дмитрий Турлаповтың үйі сақталған. Вера Дмитриевна Турлапова отбасының кенжесі еді, тұрмысқа шыққанда әкесінің тегін қалдырды... Әжем маған Петропавлдағы балалық шағы, үлкен отбасы, осы үй туралы көп әңгімелеп берді. Айтпақшы, менің арғы атам көпес емес, өнеркәсіп қожасы болған – әжем дәл осылай айтты. Тері илеумен айналысқан... шағын шеберханасы болған. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде ол орыс әскері үшін Романов қысқа тондарын тігіп, жеткізіп отырды", - деп жазды scarapina.
Ол кезде тұрғын үйдің ауласында қой терісін илейтін шеберхананың жұмыс істеуі ғажап емес.
Өлкетанушы Михаил Морозов жазбаларында «Революцияға дейінгі әдеби деректердегі Петропавл» деген кітабында 1903 жылы Петропавл «мал мен оның шикізаты саудасының ең белсенді нүктесі» болғаны атап өтілген.
"Оған іргелес жатқан аудан бұл жерге шектес және шалғайдағы жайылымдық аудандардан айдалатын табындық өнеркәсіптік ірі қара мал жинау немесе сойылған мал өнімін әрі қарай жөнелту мақсатындағы пункт ретінде өте маңызды. Мал шаруашылығы шикізаты қоймасы мен сауда үшін Петропавлдан 0,5 шақырым жерде ұзындығы 245 метр, барлық орындықтар аулаға қарайтын бір шатырдың астына қосылған 137 тас дүкеннен тұратын арнайы «айырбас» сарайы (бұрынғы кеден ғимараты) бар. Соңғы кезге дейін шикізаттың басым бөлігі – былғары, қой терісі, жүн, жылқының қылы, еті және т.б. темір жолдардың ең жақын терминалдары ретінде Тюмень мен Челябіге арбамен жөнелтіліп келсе, қазір – тікелей Самара, Мәскеу, сондай-ақ Екатеринбургке жөнелтілді", - деп жазады М.Морозов.
Өлкетанушының айтуынша, ол кезде қалада төрт қой терісінен тон тігетін фабрика болған, оның ішінде біреуіне Турлапов иелік еткен.
Төңкерістен кейін өнеркәсіп иесі Турлаповтың үйі де қаладағы сауда үйлерінің көпшілігінің тағдырына тап болған көрінеді.
1917 жылдан кейін онда тұрғын пәтерлер, ал кеңес заманында түрлі дүкендер орналасты.
Мысалы, 1980 жылдары ол жерде «Сувениры» дүкені болған. Мұнда 20 жылдан астам «Славянский двор» мейрамханасы жұмыс істейді.
Әрине, қазір ғимарат қала орталығындағы бірде-бір зауытты еске түсірмейді. Кәсіпкер Турлапов отбасының тарихын тек қабырғалары ғана сақтап тұр.