Петропавлдың Кардиологиялық орталығында Мәскеу мамандары болып қайтты

ПЕТРОПАВЛ. 29 шілде. ҚазАқпарат /Сергей Кузнецов/ - Петропавлдың Кардиологиялық орталығында Мәскеудің А.Н.Бакулев атындағы Жүрек-қан тамырлары хирургиясы ғылыми орталығының кардиохирургтары болып, орталықтың жұмысымен танысты, солтүстікқазақстандық әріптестерімен тәжірибе алмасты.

Петропавлдың Кардиологиялық орталығында Мәскеу мамандары болып қайтты

Мәскеулік кардиохирургтер облыс әкімі Серік Біләловтың арнайы шақыруымен келді. Бұл орталық жуырда 2-ші қалалық аурухана базасында құрылған болатын. Аз ғана уақыт ішінде ондаған пациент мұнда емдеу курсынан өтті, олардың бір бөлігіне жергілікті дәрігерлер ота жасап, сауығып кетті.

Ресейлік дәрігерлердің айтуынша, олардың Солтүстік Қазақстанға сапарының мақсаты - әріптестерімен танысу, одан әрі ынтымақтастықта жұмыс жасау үшін байланыстар орнату.