Петропавлдың тұрақтандыру қорында қазіргі кезде 68 тонна қант, 20 тонна күріш бар (ФОТО)

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдың тұрақтандыру қорында қазіргі кезде 68 тонна қант, 20 тонна күріш бар. Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер қала супермаркеттері мен базарларының сөрелерінде де тұр.
None
None

«Облыста тауар тапшылығы жоқ. Бағалар тұрақты. Тек тауық жұмыртқасы бағасының маусымдық көтерілуі байқалып отыр. Осыған байланысты әкімдікпен жұмыртқаны өндірушінің бағаларымен жеткізу тетіктері жасалды. Бүгінде 68 тонна қант тиелген тағы бір вагон келіп жетті. Бұдан басқа, тағы екі вагонға келісім жасалған - бұл шамамен 136 тонна. Алдағы 1,5 айға қант жеткілікті», - деп ақпараттандырды СҚО кәсіпкерлік және туризм басқармасы бастығының орынбасары Құралай Жарова.

Жергілікті шенеуніктер Петропавлдың сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызды тауарлардың бағасыз ұстап тұру бойынша барлық шараларды қолдануда. Бұл үшін тұрақтандыру қоры негізгі құрал болып отыр. Қанттың бір келісі - 175 теңге, ал күріш келісі 185 теңге тұрады, картоптың бір келісін 45 теңгеге сатып алуға болады. Жұмыртқаның ондығын 135 теңгеге сатылуда. «Шедевр» маркалы күнбағыс майының бағасы - 321 теңге. Тұрақтандыру қорынан алынған қант пен күріш қаладағы «Пирамида», «Рахмет» сауда үйіндегі «Северный», «Семейный» және «Рахат» сияқты супермаркеттерде сатылуда.

Өкілетті органдар әлеуметтік маңызды тауарлардың бағаларын аптасына екі рет қадағалап отырады. Мониторинг Петропавлдың 96 сауда нүктесінде жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар