Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Philips компаниясының президенті мен бас директоры өзгерді

АЛМАТЫ. 6 сәуір. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Денсаулық сақтау, тұтыну тауарлары және жарықтандыру шешімдері саласында әлемдік көшбасшы саналатын Royal Philips Electronics компаниясына Франс ван Хаутен президент және бас директор болып сайланды.

Philips компаниясының   президенті мен бас директоры өзгерді

Компанияның Қазақстандағы өкілдігінің баспасөз қызметі таратқан хабарға қарағанда, ол бұл лауазымды алдағы 4 жыл бойы жүзеге асырмақ. Оның кандидатурасы Амстердамда акционерлердің жалпы жиналысында бекітіліп, бұл шешім 1 сәуірден бастап өз күшіне еніп отыр. Онда сондай-ақ, компанияның басқа да басшы тұлғалары қайта сайланды. Акционерлер жиналысында сонымен қатар, 2010 жылдың жылдық дивиденд төлемінің көлемін 1 акцияға 0,75 еуро деп бекітті. Ол акционерлердің өз қалауы бойынша биыл ақшалай және акция түрінде төленетін болды.

Штаб-пәтері Нидерландыда орналасқан халықаралық бұл компанияның әлемнің 60-тан астам елінде өз өкілдігі бар. Онда қазір 119 мың адам жұмыс жасайды. Компанияның сауда-саттығының көлемі былтыр 25,4 миллиард еуроны құрады.