Пышақ ала жүгірген: Алматыда жол үстінде төбелескендер іздестіріліп жатыр

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматыда көше ортасында төбелес болды.

Пышақ шығарған: Алматыда жол үстінде төбелескендер іздестіріліп жатыр
Фото: Видеодан скрин

Оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. 

Онда бірнеше адамның бір-біріне жұдырық жұмсағанын көруге болады. Кейін ер адамдардың бірі пышақ шығарып, оны екінші тарапқа ала жүгіреді.

Қалалық полиция департаменті аталған дерек бойынша Алатау аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

— Қақтығысқа қатысушылардың жеке басы анықталды, оларды ұстау шаралары қабылданып жатыр. Әрқайсысының әрекеттеріне жан-жақты тексеру жүргізіліп, тергеу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық баға берілетін болады, — деп хабарлады департаменттен.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда жол үстінде жалған тапаншамен жанжал шығарған азамат ұсталғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар