Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Польша Алматыдағы жеңіл рельсті көлік инфрақұрылымын дамытуға ынта білдірді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімдігіне Польша даму вице-министрі Витольд Словик басқарған бизнес делегация ресми іссапармен келді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Польша Алматыдағы жеңіл рельсті көлік инфрақұрылымын дамытуға ынта білдірді

Шетелдік қонақтар Қазақстан мен Польшаның Орталық Азия, Орталық Шығыс Еуропадағы беделді мемлекеттер екендігін атап өтіп, өзара бизнес ынтымақтастықтың тиімді тұстарын дамытуды ұсынды.

Тек биылдың өзінде қаңтар-ақпан айларында Алматы мен Польшаның арасындағы тауар айналымы өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артқан.

Бүгінде Алматыда 49 біріккен кәсіпорын бар. 26 кәсіпорын Польша капиталымен жұмыс жасап жатыр.

Кездеу барысында Витольд Словик Алматының инвестициялық әлеуетін жоғары бағалады.

«Мегаполистің индустриалды-инновациялық дамуы үлкен қарқын көрсетіп келеді. Қалада бизнес-алаңдар, біріккен кәсіпорындар өте көп», - деді Польша вице-министрі.

Польша тарапы жеңіл рельсті көлік жүйесін дамытуға үлкен қызығушылық білдірді.

Аталған жоба жақын арада жүзеге асуы ықтимал. Сондай-ақ, олар тұрмыстық қалдықтар мен балама энергетика көзін дамытуға инвестиция құюға ынта білдірді.

Алматы әкімдігінің өкілдері бизнес-делегацияны Алматының 1000 жылдығын тойлауға, «Универсиада-2017» шарасына қатысуға шақырды.