Польша Астанада 2017 жылы EXPO-2017 Халықаралық көрмесін өткізу өтінішін қолдайды

  АСТАНА. 17 қыркүйек. ҚазАқпарат - Польша Қазақстанның Астанада 2017 жылы  EXPO-2017 Халықаралық көрмесін өткізу өтінішін қолдайды.

Польша Астанада 2017 жылы  EXPO-2017 Халықаралық көрмесін өткізу өтінішін қолдайды

 Бұл туралы бүгін елордадағы Қазақстан-Польша экономикалық семинарында Польша Премьер-Министрінің орынбасары, экономика министрі Вальдемар Павляк мәлім етті.

«Қазақстанда EXPO-2017 көрмесін өткізу мәселесіне тоқталсақ, бұл тұрғыда менде жақсы хабар бар. Біздің үкіметте 2017 жылдағы EXPO көрмесін өткізу бойынша  Қазақстанды қолдауға негізделген біржақты ұстаным қалыптасып отыр»,-деді ол.

Осы орайда В. Павляк осы іспеттес шаралар Қазақстанның Еуропамен ынтымақтастық тұрғысында орталығы болуына негіз болатынын атап өтті.