Польшалық кәсіпкерлер ақтөбелік нарыққа шығуды жоспарлауда

АҚТӨБЕ. 26 маусым. ҚазАқпарат -  Польшалық кәсіпкерлер қазақстандық нарықты игеруде қызығушылық танытып отыр.

Польшалық кәсіпкерлер ақтөбелік нарыққа шығуды жоспарлауда

Олар Ақтөбе облысының кәсіпкерлерімен бизнес-байланыс орнатуға мүдделі. Бұл туралы бүгін өткен Қазақстан-Ресей өнеркәсіп көрме барысында Польша елшілігінің өкілі Влодзименс Куровски мәлім етті.  

«Қазақстанға өз инвестициясын құйғысы келетін польшалық компанияларды қолдаймыз, Польшамен жұмыс істегісі келетін қазақстандық компанияларға бұл жағынан кеңес береміз», - деді ол.

«Еуропа-Азия. Шектеусіз әріптестік» көрмесіне 4 польшалық компания келді.

Болашақта «Еуропа-Азия. Шектеусіз әріптестік» көрмесі аясында польшалық халық көрмесін өткізу үшін Польша елшілігі Ақтөбеге өздерінің 30-35 компанияларын әкелуді жоспарлауда.