Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Польшаның Адам Мицкевич атындағы университетінің Шығыстану және түркология институтында қазақ бөлімі ашылды

АСТАНА. Сәуірдің 23-і. ҚазАқпарат. Сәуірдің 21-де Польша Великопольски аймағының астанасы Познань қаласында Адам Мицкевич атындағы Университеттің Шығыстану және түркология институтында қазақ бөлімі ашылды,

Польшаның Адам Мицкевич атындағы университетінің Шығыстану және түркология институтында қазақ бөлімі ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ашылу салтанаты рәсіміне Познань университетінің проректорлары мен декандары, қазақстандық және поляк дипломаттары, Польша ғылыми-педагогикалық қоғамының, Польшадағы түркі қауымдастықтарының өкілдері - татар және қараим бірлестіктері қатысты.Бөлімнің жетекшісі болып Познань университетінде 5 жылдам астам жұмыс істеп жүрген қазақ тілінің оқытушысы Гүләйхан Ақтаева тағайындалды. Шығыстану институтының поляк студенттері қазақ халық әндерін орындап, би биледі, ал студенттердің бірі Абайдың «Қара сөздерінен» үзіндіні қазақ тілінде шеберлікпен оқып берді. Қытай мен Моңғолияда тұратын қазақтар өмірі туралы деректі фильм көрсетіліп, Қазақстанға арналған сурет көрмесі ұйымдастырылды. Қазіргі кезде университеттің бес курсында 40-қа жуық поляк студенті қазақ тілінде оқиды. Шығыстану және түркология институты өз күшімен алғашқы поляк-қазақ сөздігін құрастырды, ол жуық арада басылып шықпақ.Польшаның ең ірі оқу орындарының бірінде қазақ бөлімінің ашылуы поляк ғылыми-педагогикалық және студенттер қоғамының елімізге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне, тарихы мен тіліне деген қызығушылығын білдіреді.