Польшаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі поляк киносының фестивалына қатысу үшін Өскеменге келді
ӨСКЕМЕН. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Бүгін Өскеменде поляк киносының фестивалы басталды. Фильмдердің таныстырылымына осы мәдени миссия үшін Өскеменге арнайы келген Польшаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Павел Чеплак қатысады.
Бүгін таңертең поляк дипломатиялық миссиясының басшысы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Серік Әбденовпен кездесті. Тараптар аймақтық деңгейдегі қазақстан-поляк қатынастарын одан әрі тереңдету және кеңейту жоспарларымен алмасты.