Польшаның спорт министрі Сочи Олимпиадасы кезінде шаңғы тебеді
АСТАНА. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Польшаның спорт министрі Анджей Бернаттың Сочи Олимпиадасында шаңғы теппек ойы бар.
«Мен Сочи Олимпиадасына барамын. Өзіммен бірге шаңғы ала бармаймын, оны жалға ала аламын, деп ойлаймын», - деді ол Варшавада өткен баспасөз мәжілісі барысында. Бернат сондай-ақ спорт министрлерінің халықаралық кеңесіне де қатыспақшы, деп жазады Утро. Ру. «Польша спортшылары бұл ойындарда қанша медальдан үмітті?» деген сауалға спорт саласының басшысы «Ванкувердегі нәтижелерге қол жеткізсек, тамаша болар еді», деп жауап берді. Сәл бұрынырақ Польшаның олимпиадалық делегациясының жетекшісі Аполониуш Тайнер «Польша Сочиде 12-15 медаль алады», деген болжам жасаған еді.