Полиция инспекторына қол көтергені үшін 3 жылға бас бостандығынан айырылды
Оқиға былай болған. М ас күйде болған Т ереңөзек кентінің тұрғыны Н. қызметтік автокөлігімен дүкенге келіп тұрған Сырдария аудандық ІІБ-нің ӘПБ-нің учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Т-ның автокөлігінің қасына келген. Оның оң жақ есігін ашып, автокөлікті Т. басқарып отырғанын көріп, соңғыны себепсізден-себепсіз балағаттаған. Содан кейін автокөлік есігін аяғымен теуіп жауып, оқиға болған жерден бой тасамалақшы болған. Сол сәтте Т. оның құқықбұзушылық іс-әрекетін тоқтату мақсатында, автокөлігінен түсіп, ескерту жасаған.
Сотталушы құлақ аспай, оның бұрын өз мылтығын тәркілегенін, егер өзін полиция бөлімшесіне алып баратын болса, аяғын басты деп оның үстінен арыз жазатынын айтып қорқытқан. Т-ның үстіне киген қызметтік күртесінің жағасынан ұстап, оң қолының жұдырығымен бас тұсынан бір рет ұрып жіберген. Нәтижесінде жәбірленуші Т. жеңіл дәрежелі дене жарақатын алған.
Сөйтіп сотталушы Н. өзінің қылмыстық іс-әрекетімен өкімет өкілінің өз қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз күш қолданып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 321-бабының 1 бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған осы баппен 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, деп хабарлады Сырдария аудандық сотының баспасөз қызметінен.