Полиция күніне орай Таразда үш жаңа тірек пункті ашылды

ТАРАЗ. 22 маусым. ҚазАқпарат - Полиция күніне орай Таразда үш жаңа тірек пункті ашылды, деп хабарлады Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.

Полиция күніне орай Таразда үш жаңа тірек пункті ашылды

«Бүгін, 22 маусым - қазақстандық полиция күнінде қала әкімі Бекболат Орынбеков Тараз қаласы қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, подполковник Қасым Досановқа үш жаңа тірек пунктінің кілттерін тапсырды», - деп баяндады қала әкімінің баспасөз хатшысы Олжас Ақылбаев.

Оның айтуынша, жөндеуден өткізілген тірек пунктері Тараздағы тұрғын сілемдерінің үш, төрт бөлмелі пәтерлерінде орналасқан. «Тірек пунктерінің бірі қалалық «Жеңіс» саябағының қасында орналасқан. Онда соңғы жылдары демалушылардың саны көбейіп, қоғамдық тәртіпті қадағалау қажеттілігі артты», - деп атап өтті О.Ақылбаев.

Тірек пунктерін ашу үшін қалалық бюджеттен 15 млн. теңге бөлінді. Бұл ретте жиһаз бен компьютерлік техниканы демеушілер ұсынды. Олардың арасында «Қазфосфат», Тараз металлургиялық зауыты және «Қазақстан темір жолы» компаниясының филиалы бар.

Кәсіби мерекеге орай қалалық әкімшілік басшысы Бекболат Орынбеков «Қазақстандық полицияға 20 жыл» белгісімен марапатталды, деп хабарлайды Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.