Полиция қызметінің сенімділігі көрсеткішінде Қазақстан 148 елдің ішінде 88-орынға тұғырланды - ДЭФ рейтингі
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік экономикалық форумның рейтингісімен полиция қызметінің сенімділігі көрсеткіші бойынша Қазақстан 148 елдің ішінде 88-орынға тұрақтады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Президенті Әкімшілігі құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алик Шпекбаев мәлім етті.
«Қабылданған шаралар 2013 жылда ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік есебі рейтингісінде полиция қызметінің сенімділігі көрсеткішінің артуына ықпал етті», - деп тоқталды ол.
Атап айтқанда, соңғы 2 жылда бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан 23 сатыға көтерілген екен, яғни 148 елдің ішінде 111-орыннан 88-орынға табан тіреді.