Полиция алматылықтарға көлігін қысқа қазірден әзірлеуді ескертті

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматыда алдағы күндері жауын-шашын түсіп, аяз болады және ауа температурасы біршама төмендейді. Полиция тұрғындарды жолда сақ болуға үндеді.

Жол сақшысы
Фото: Алматы қаласының ПД

Ведомствоның баспасөз қызметі қолайсыз ауа райы жолдағы жағдайға да әсер ететінін атап өтті.

Құқық қорғау қызметкерлері жүргізушілерді сақтық пен қырағылық танытуға, сондай-ақ көлік құралдарын қысқы маусымға алдын ала дайындауға үндеді.

– Жауын-шашынның мол түсуі қаладағы жол қозғалысын айтарлықтай қиындататыны белгілі: кептеліс болады. Алайда тәжірибе мұндай жағдайлардың басты себебі — жол қозғалысына қатысушылардың тәртіпсіздігі екенін көрсетіп отыр. Кейбір жүргізушілер жылдамдықты төмендетпейді, апаттық жағдай тудырады, қауіпті маневрлер жасайды, өзара сыйластық танытпайды, ал жаяу жүргіншілер жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтеді. Мұның бәрі жолдағы жағдайға кесірін тигізеді, - деді Алматы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Сонымен қатар департамент жол-көлік оқиғаларының саны ауа райы қолайсыз болған күндері айтарлықтай артатынын мәлімдеді.

Еске салайық, мұның алдында Алматыда ауа райының күрт бұзылуына байланысты коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеу режиміне ауысқанын хабарлаған едік.

«Алматы Тазалық» кәсіпорындарының базаларында жүргізушілер, механизаторлар мен жұмысшылар тәулік бойы кезекшілік атқарады. Қар түспей тұрып, магистральдық көшелерге алдын ала сұйық реагенттер себіледі.

Соңғы жаңалықтар