Полиция Qarmet кәсіпорнындағы 1 млрд теңгенің ұрлығын әшкереледі

ҚР Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция қызметкерлері Qarmet кәсіпорны экономикалық қауіпсіздік қызметінің қолдауымен компанияның және өзге де мердігер ұйымдардың бірқатар бұрынғы лауазымды тұлғаларын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

хищения на Qarmet
Фото: Polisia.kz

Күдікті тұлғалар шамамен 1 миллиард теңге сомасындағы қаржыны алаяқтық жолмен жымқырды деп айыпталуда.

Тергеу мәліметінше, зауыттың бір топ қызметкері өз әрекеттерін алдын ала жоспарлап, өндірістік қалдықтарды зауыт аумағынан шығарып, Теміртау қаласына жақын маңдағы иесіз жерге тиісті утилизациясыз төккен.

Қазіргі уақытта қылмыстық қудалау аясында 14 адам тергеліп жатыр.

Қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда.

Айта кетейік, бұған дейін Qarmet металлургия зауытында мердігер ұйымның екі жұмысшысы қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар