Польша шығысындағы әуе кеңістігін 2026 жылдың маусымына дейін жабады

АСТАНА. KAZINFORM — Польша билігі елдің шығыс аймақтарында әуедегі ұшуларға уақытша тыйым енгізеді. АСТАНА. KAZINFORM — Шектеулер Қарулы күштердің жедел қолбасшылығының талабына сәйкес 2026 жылдың 10 наурызынан 9 маусымына дейін тәулік бойы күшінде болады. елдің шығыс бөлігінде ұшуға тыйым салынған аймақ құрылғанын жариялады. Бұл туралы Польша аэронавигация агенттігінің (PAŻP) ресми хабарламасында айтылған.

Самолет Scat Скат ұшақ
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

PAŻP мәліметінше, мұндай шешім мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты Польша Қарулы күштерінің жедел қолбасшылығының сұранысы бойынша қабылданған. Шектеулер 10 наурыздан бастап күшіне еніп, 2026 жылдың 9 маусымына дейін жалғасады.

Тыйым биіктігі үш километрден төмен деңгейде ұшатын барлық әуе кемелеріне қатысты болады. Ұшуға тыйым салынған аймақ тәулік бойы әрекет етеді.

Сонымен қатар азаматтық және санитарлық авиация ұшақтарына ерекше жағдай қарастырылған. Мұндай рейстер арнайы рұқсат болған жағдайда ғана жабық аймақ арқылы ұша алады, деп нақтылады агенттік.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың қыркүйегінде Польша әуе кеңістігіне ішінара шектеулер енгізген еді. Ол кезде ел аумағында оннан астам ұшқышсыз ұшу аппараты тіркеліп, сондай-ақ қайдан шыққаны белгісіз зымыран құлағаннан кейін Беларусь және Украинамен шекара бойында шектеулер қолданылған еді.

Айта кетейік, Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына 15 елге бармау ұсынылды. 

Ал НАТО Түркияға жасалған зымыран шабуылынан кейін әскери дайындығын күшейтпек.