Порошенконың РФ-дан әскер кіргені туралы мәлімдемесінен кейін рубль күрт құлдырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Рубльдің долларға қатысты бағамы наурыздағы Қырымды аннексиялаудан бастап алғаш рет рекордтық көрсеткішке дейін төмендеді: ресейлік валютаның күрт құлдырауына себеп болған Украина Президенті Петр Порошенконың ел аумағына Ресейден әскер кіргені туралы мәлімдемесі болды, деп хабарлады РБК.
None
None

Жұмаға белгіленген бағамға сәйкес доллар 36,71 рубльге, еуро 48,36 рубльге жетті.

Бивалюталық себет өткен жабылумен салыстырғанда 57 тиынға өсті. Бұдан басқа ресейлік қор индекстері тамыздың басынан бастап рекордтық деңгейде төмендеді. РСЖ 27 тамыздың жабылуында 3,22% жоғалтты. Жинақбанкі акциясының 4% жоғалтты.

Порошенко Украинаның Донецк облысына ресейлік дивизияның басып кіруіне байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысын шұғыл шақыру қажеттігін мәлімдеген болатын.

Соңғы жаңалықтар