Португалия бет-әлпетті жауып тұратын киім киюге тыйым салынды
АСТАНА.KAZINFORM - Португалия президенті Антониу Жозе Сегуру қоғамдық орындарда бетті жасыруға арналған немесе жеке басын анықтауға кедергі келтіретін киім киюге тыйым салатын заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттіктің Брюссельдегі тілшісі.
Аталған заң парламентте осы жылдың шілдесінде қабылданған.
Португалияда жынысына, дініне, жасына немесе тегіне байланысты себеппен адамның бетін жабуға мәжбүрлеуге де тыйым салынған.
Заң талабы абайсызда бұзылған жағдайда 150 еуродан 750 еуроға дейін, ал қасақана бұзғаны үшін 400 еуродан 3000 еуроға дейін айыппұл салынады.
Ғибадат орындарына, дипломатиялық миссияларға, ұшақтарға және денсаулығына байланысты, кәсіби қызметіне, көркемдік жұмыстарға немесе ауа райына байланысты ерекше жағдайлар қарастырылған.
Бұл бастаманы оңшыл Chega партиясы ұсынды және ол билеуші орталық-оңшыл коалицияның қолдауына ие болды.
Елдің солшыл партиялары бұл бастамаға қарсы дауыс берді.
Президент Антониу Сегуру ашық бет-әлпет адамның жеке басы мен қарым-қатынасының негізгі элементі, сондай-ақ әлеуметтік сенімнің маңызды факторы екенін атап өтті.
Португалия – мұндай шектеу енгізген еуропалық елдердің бірі. Аталған ереже Франция, Бельгия, Аустрия, Дания және басқа да бірқатар елдерде қазірдің өзінде бар.
Португалияда орман өртімен 2 мыңнан астам адам күресіп жатқанын жазған едік.