Португалияда ұшақ жағажайға құлап, екі адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бір моторлы ұшақ Лиссабонға таяу орналасқан жағажайға апатты жағдайда қонды. Жерге қону кезінде ол 56 жастағы ер азамат пен сегіз жасар қызды қағып кеткен. Олар сол жерде көз жұмды.
None
None

Бұл жайлы жергілікті билік мәліметіне сілтеме жасаған Fox News хабарлайды.

Оқиға кезінде Капарикадағы әйгілі жағажайда жүздеген адам демалып жатқан. Олардың көбі ұшақ қонғанша жағажайдан  қашып, біразы теңізге түсіп кеткен.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ екі адамды сүйреп әкеткен. Қонар алдында оның жерге өте жақын әрі сенімсіз ұшқандығы байқалған. Оған сол жақ қанатының сынғандығы себеп болуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар