Grand Prix Portugal дзюдо турниріне Қазақстаннан кімдер қатысады

сары белбеу
Фото: olympic.kz

Португалияның Одивелаш қаласында 26-28 қаңтар аралығында дзюдодан «Grand Prix Portugal» турниріне қатысатын балуандар белгілі болды, деп хабарлайды Kazinform.

Халықаралық турнирде еліміздің атынан Жансай Смағұлов (73 келі), Ислам Бозбаев (100 келі), Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары), Абиба Абужақынова (48 келі), Есмигүл Куюлова (63 келі), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) сынды белгілі дзюдошылар да татамиге шығады.
Ерлер құрамасы сапында Дәурен Сүйкенов (60 келі), Ержан Еренқайыпов (60 келі), Жанарыс Рахметқали (66 келі), Нұрсұлтан Зайзағалиев (66 келі), Жансай Смағұлов (73 келі), Дархан Қойбағар (73 келі), Мәди Амангелді (81 келі), Айдар Арапов (90 келі), Құдырет Досымов (90 келі), Ислам Бозбаев (100 келі), Әділет Сапарғалиев (100 келі), Әділ Оразбаев (100 келіден жоғары), Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) ел намысын қорғайды.

Ал әйелдер құрамасында Абиба Абужақынова (48 келі), Ғалия Тынбаева (48 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Есмигүл Куюлова (63 келі), Аруна Жангельдина (78 келі), Камила Берліқаш (78 келіден жоғары) бар.

Еске салсақ, бұдан бұрын дзюдодан Қазақстан құрамасы 2023 жылы IJF-ның медальдар кестесінде алғашқы бестікке кірді.

Соңғы жаңалықтар