Прагада «Чех Республикасындағы Қазақстан халқының мәдениеті күндері» өтуде

АНА. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат - Прагада «Чех Республикасындағы Қазақстан халқының мәдениеті күндері» өтуде. Іс-шараның ресми ашылуы қыркүйектің 4-інде Ресей мәдениет орталығының ғимаратында өтті,
None
None

деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Қазақстандық дипломаттар қонақтарды Қазақстан-чех саласындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтағы жолында жасалған қадамдармен таныстырды.

Қыркүйектің 29-ына дейін жалғасатын кең көлемді іс-шара аясында «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы тақырыбына және Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық етуіне арналған қоғамдық-саяси конференциялар өткізу жоспарланған.

Іс-шараның ұйымдастырушылары - ҚР Елшілігі, «Елім-ай» қазақстандық мәдениет орталығы және Ресей мәдениет орталығы.

Соңғы жаңалықтар